ӨзенЖылу

«ӨзенЖылу»
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын


dw Байланыс телефон
+7 (72934) 71-550

жаңалықтар / Хабарландырулар

Қыстың қамын жазда ойла!

 

2020-2021 жылдардың жылу маусымы қаламызда 15 сәуірде аяқталды. Осы орайда, қала әкімдігі, Өзенжылу кәсіпорындары тарапынан 2021-2022 жылғы жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. Дайындық жұмыстары негізгі үш бағыт бойынша жүреді.

1. Орталық жылу қазандығындағы, автономды жылу қазандықтарындағы жөндеу, дайындау жұмыстары;

2. Сыртқы магистралдық жылу желілеріндегі жөндеу, құбырдың диаметрін ұлғайту жұмыстары;

3. Әлеуметтік нысандардың дайындық жұмыстары;

4. Жертөледегі жылу құбырларын жөндеу, ауыстыру, келесі жылу маусымына дайындау жұмыстары.

1 және 2 бағыттағы жұмыстар қала бюджеті мен Өзенжылу Кәсіпорнының қаражаты есебінен жүргізілсе, 3 бағыттағы жұмыс әлеуметтік нысан иелерінің бюджеті есебінен, ал 4 бағыттағы жұмыстар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтер, меншік иелерінің есебінен жүргізілуі тиіс. 

Қаламызда 262 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. 2020-2021 жылғы жылу маусымына дайындық барысында және жылу маусымының алғашқы кезеңінде олардың 62%-да тұрғындардың қаржыландыруымен жертөлелік жылу құбырлары жаңаланды. Осы мән-жай аталған үйлерде апаттық су құбырларының жарылуын азайтып, пәтерге баратын жылу параметрін жақсартуға оң әсер етті. Дегенмен, жекелеген пәтерлерде жылу сапасының нашар болу деректері де орын алды, мұндай кемшіліктер алдағы жылу маусымына дайындық барысында ескерілетін болады.

Жертөлелік жылу құбырларын ауыстыруда негізінен Самал, Көктем, Өркен ш/а тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Төмен белсенділік Шұғыла ш/а, аса төмен белсенділік Шаңырақ ш/а байқалды. Жертөле құбырлары ауыстырылмаған үйлердің тұрғындарына осы жағдай алдымыздағы жылу маусымында жылуды сапалы алуға кедергі болуы мүмкіндігін ескертеміз. Қазіргі уақытта кецбір үйлердің тұрғындары құбырларды жаңалау үшін тиісті қаражаттарын жинап, жұмыстарын бастады. Мысалы, Шұғыла ш/а №51 үйі (бейнесюжет) жөндеуді аяқтаса, Өркен ш/а 22 үйінің 4 подъездінің, 63 үйінің 3 подъездінің тұрғындары тиісті қаражаттарын жинады.

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

 "Қыстың қамын жазда ойла" деп айтылғандай, 2021-2022 жылғы жылу маусымына дайындықты осы бастан жұмыла жасауға шақырамыз.

 

 

 

Онлайн төлемдер

Комуналдық төлемдерді kaspi.kz және HomeBank онлайн төлем платформасы арқылы төлемдерді қабылдаймыз

+ 7 775 819 23 40 

Whats app-желісі сағат 9:00-21:00 (21:00-ден кейін түскен хабарламаға  24 сағат ішінде жауап беріледі)

Түскі үзіліс: 12:00-14:00

Үйлестіру call-орталығы

8 (72934) 73-1-85

Мекен-жайымыз

130200, Маңғыстау облысы 

Жаңаөзен қаласы, Губкина көшесі 26

ӨзенЖылу

«ӨзенЖылу»
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Жаңаөзен 2021

© aimagambetov@ozenzhylu.kz