«ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
2020 жылғы тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есебі.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VІ Заңына және «Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтері жөнінде (тауарларды, жұмыстарды) жыл сайынғы есебін өткізу» Ережесіне орай, Табиғи монополия субъектісі болып табылатын «ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2020 жылдың тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайынғы есебін 2020 жылдың сәуір айының 23-жұлдызында сағат 16ºº-де тұтынушылармен жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдау елдегі карантин жағдайды ескере отырып, Covid-19 инфекциясының алдын алуына байланысты, ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізілді.
Жиналысқа «ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары А.К. Тұрманов төрағалық етті.
Күн тәртібінде негізгі реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша: жылу энергиясын өндіру, бөлу, беру және ыстық су қызметтерінің тұтынушылар алдындағы және өзге де мүдделі тұлғалар үшін кәсіпорынның 2020 жылғы атқарылған жұмыстарының есебін қорытындылады.
Қаржы және экономика жөніндегі директор орынбасары өз есебінде 2020 жыл бойынша кәсіпорынның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, ұсынылатын қызметтер көлемдерін, реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтік сметаның орындалуын және инвестициялық бағдарламаның орындалысы, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапалары бойынша толық ақпарат берді, алдағы кезеңге дамыту жоспарлары туралы айтты. Бұдан басқа, қатысушылардан түскен сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
«ӨзенЖылу» МКК.
Қаржы-экономикалық және тарифтерді қалыптастыру бөлімі.
Сабитов Бақытжан.
23.04.2021 жыл.